Қараймын көнерген іздерге

Бұл бетте «Қараймын көнерген іздерге» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3504
Қараймын көнерген соқпаққа
Қараймын көнерген іздерге,
Әзірмін іздерді іздеуге,
Әзірмін жырлауға мақтап та.
Қараймын көнерген іздерге,
Қараймын қарайған соқпаққа.
Әзірмін іздерді іздеуге,
Әзірмін жылауға жоқтап та.
Көремін ақтабан жылдарын,
Көремін шұбалған шаңдарын,
Көремін шұбырған малдарын,
Көремін күрсінген жандарын.
Көремін қанды алау кештерін,
Көремін ырғалған көштерін.
Естимін егіле боздап бір:
«Елім - ай, елім - ай» дескенін.
Сөйлейді соқпақтар қарлығып,
Шулайды ән айтқан іздер де.
Кетіпті өткендер қалдырып:
Әндерін, сөздерін біздерге.
***
Өтіп барам дүниеден
Экспресс үстінде.
Азайғанын аңғарам
Өз бойымнан күштің де.
Терезеден қарадым
Бір ыстық шай іштім де.
Жарқырайды жарық күн,
Көк күмбез түр үстімде.
Неткен шапшаң бұл жүріс,
Келгендей - ау түскім де.
Керек болар ма екенмін,
Түссем жерге ешкімге?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараймын көнерген іздерге өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қараймын көнерген іздерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараймын көнерген іздерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараймын көнерген іздерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері