Жаңа жылға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 1
  • 5579
Жаңа жыл келді деп қуану
Оңай ма егде, жас адамға.
Жасырмай айтайын шынымды
Қиын-ақ... Қиын-ақ маған да.
Әр жылдың әр күнін, сағатын
Қимаймыз. Амал не, көнеміз.
Сағаттың қоңырауын қағатын
Қамшыдай қабылдар денеміз.
Тұрса екен қысқармай жылымыз,
Тұрса екен мызғымай сағаттар,
Тұрса екен еңкеймей күніміз,
Тұрса екен тотықпай таланттар.
Дейді ғой әрбір қарт ішінен
Ашса егер алғашқы сезімін.
Бірақ ол айтпай-ақ түсінер
Аталық міндетін өзінің.
Көгертер көктем бар алдымда
Керек қой күннің де жылуы.
Еруі қажет қой қардың да,
Мүмкін бе мен үшін тұруы.
Көгертер көктем бар алдымда –
Мезгілдің балдырған сұлуы,
Керек қой бөбектің алдымда
Бір құлап, бір тұрып жүруі.
Кел, жылым, бөгелмей келе бер,
Қоса бер шашыма ағыңды.
Кел, жылым, әкеліп бере бер,
Айғызды әжім мен дағыңды.
Әкелсең болыпты бөбекке
Қайғысыз, қасыретсіз уақытты.
Шалдардан жылдарға жоқ өкпе,
Тек ұрпақ болсыншы бақытты!


Пікірлер (1)

Миржаков Дулатов

Жана жыл

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жылға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жаңа жылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері