Нұртас Оңдасынов – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Нұртас Оңдасынов» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4086
Пенсияға кетем деп ойламаған, -
Басын іске бағыштап қойған адам.
Басқамызша мақтатып өзін-өзі,
Елу жасын шулатып тойламаған.
Көрген емес ешкімге өзін пұлдап,
Алдамайтын көзімен я жылпылдап.
Мол тануға, білуге құмартатын,
Үлкеннің де, кішінің сөзін тыңдап.
Көп аралап кететін кең өлкесін,
Көру үшін байтақ жұрт берекесін,
Егіншімен қырманда бірге түнеп,
Қызықтасқан қойшының мерекесін.
Алай-түлей ақборан соққан қарда,
Айдалада қос тігіп жатқандарға
Сәлемдесе баратын, жәрдемдесе,
Сарыарқаға Сырдан жол тартқандарға.
Астанам деп сүйетін Алматысын,
Тек жақсылық іздейтін Алматым үшін,
Ортасынан өткізсем - деп ойлайтын,
Айдап әкеп Іленің аққан күшін.
Сол арманшыл адамды Нұркем деп,
Сыйлаушы едік азамат, ер екен деп,
Бүгін - дағы сүйсініп сөз етеміз:
Тұр екен деп Мәскеуде, тірі екен деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұртас Оңдасынов өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Нұртас Оңдасынов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұртас Оңдасынов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұртас Оңдасынов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері