Жамал Омарова – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жамал Омарова» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2291
Кеткен соң қайран жастық көз көрмеске,
Қоймайды шіркін уақыт өзгермеске.
Әжелер көздің жасын мөлтілдетер,
Алғанда қызығы мол күндерді еске.
Жарқылдап жанып тұрған заманында,
Жетіпті әжелікке Жамалым да.
Қарттықтан қала алмайды екен сақтап
Жасайтын не бір айла-амалын да.
Тұрғанда құлынша ойнап топ алдында,
Жамалдың жайнап жарық жанарында.
Күй толқып кеудесінде күмбірлейтін,
Қанатын қара торғай қағарында.
Қанатын қара торғай қағарында,
Тағы бір әннен жұлдыз жағарында,
Күміс күй көмейде сыңғырлайтын,
Кең дүние үнсіз тынып қаларында.
Қанатты ән құмарланбай басталмайтын,
Басталса ақша бұлттай аспандайтын.
Шығыннан шырқырата, бұрқырата,
Төгуге әнші жаны жасқанбайтын.
Бүгін ол жасы ұлғайған әже Жамал,
Сыр шашып, сездірмейді үнінен зар.
Жүзінде айлар, жылдар қалдырған із.
Көзінің жанарында көлеңке бар.
Кеткен соң қайран жастық көз көрмеске,
Қоймайды шіркін уақыт өзгермеске.
Әжелер көздің жасын мөлтілдетер,
Алғанда өткен сонау күндерді еске.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамал Омарова өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жамал Омарова өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамал Омарова өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамал Омарова өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері