Почтальон жыры – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Почтальон жыры» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2700
Ұясынан шықты күн,
Мен де шықтым үйімнен.
Күн батқанша түспейді,
Сұр қапшығым иіннен.
Тапсырамын достарға
Қапшық толы хаттарды,
Таратамын достарға
Ыстық махаббаттарды.
Күн жөнелді кегімен,
Мен жөнелдім жеріммен.
Бойым әрең асады
Бұйра толқын егіннен.
Тапсырамын достарға
Қапшық толы хаттарды.
Таратамын достарға
Ыстық махаббаттарды.
Достар әнін естемін
Қызыл таудай қырманнан.
Асып ән-жыр барады
Ормандардан, қырлардан.
Тапсырамын достарға
Қапшық толы хаттарды.
Таратамын достарға
Ыстық, махаббаттарды.
Күн де шаршап батады,
Мен де аламын демімді.
Күнмен бірге шығамын
Қуантуға елімді.
Тапсырамын достарға
Қапшық, толы хаттарды.
Таратамын достарға
Ыстық махаббаттарды.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Почтальон жыры өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Почтальон жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Почтальон жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Почтальон жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері