Өлең, жыр, ақындар

Халық жырлайды

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1641
Байлар бізді тақаса тобамызға,
Ленин келіп шам жақты санамызға.
Қып-қызыл ту көтердің күн астында
Ағымыз да, сарымыз да, қарамыз да.
Ленин шамы жанған соң санамызда,
Ағымыз да, сарымыз да, қарамыз да.
Қылыш болып қынаптан суырылдық біз
Тауларында Кубаның қан ағызған.
Ленин шамы жанған соң санамызда,
Атамыз да, анамыз да, баламыз да,
Қып-қызыл ту көтердік күндей биік,
Тауымыз бен даламыз, қаламызда.
***
Жетті де шұбатылған қап-қара түн,
Жарықтан қалдырмады жалғыз жұтым.
Үн-түнсіз екі көзін жұмды дала,
Аспаннан сығалады жұлдыз ғана.
Қанатын жайып жерге жатты жел де,
Үйлерді ұйқы аралап кетті демде.
Күн ұзақ жүгіргендер жаңа тынды,
Қаншасы көрер екен келер күнді.
***
Жетті, достар, жерге қарау, жүгіну,
Қажет бүгін желмен бірге жүгіру.
Жарамайды жалтақ қағу, кідіру,
Жарамайды айтып болмай мүдіру.
Кімге керек тік тұра алмай жығылу,
Қажет бізге темір болу, шынығу.
Ұру керек, ұру қажет болса егер,
Жарамайды үнсіз тұрып ұрылу.
***
Өмірімнің бір қызығы сағынышым,
Сағынсам күш таппаймын сабыр үшін.
Сондайда көк тұманға үңілемін,
Жасырынған сәулемді табу үшін.
Үңілдім, көрдім әне ақ сәулемді,
Құлшынбай шыдар қалай көңілім енді!
Жап-жарық жылжып жақын келді де ол
«Жаным сен, сен жаным» деп айта берді.
Тұтанып сол сөзінен тұрмын жанып,
Айналам қандай жарық, қандай анық.
Аймалап сәулем мені құшағымен,
Өзінің ұясына жөнелді алып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жындылар туралы

  • 0
  • 0

Неге мистер Форрестол жынданды екен,
Қандай ауру кез келген оған төтен...
Құралды әскер «құдіретті» министрін
Темір тормен қоршалап қойған бекем.

Толық

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Өрмекшідей қыбырлап,
Аяқтары жыбырлап,
Түнде жұлдыз жүреді.
Тозған жерін көгінің,

Толық

Клеопатра

  • 0
  • 0

Ду-думан ұлы патша ордасында,
Болмаған ондай жиын сол ғасырда.
Жинаған батырларын, ақындарын
Қалдырмай жортағын да, жорғасын да.

Толық

Қарап көріңіз