Өзбекке – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Өзбекке» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2946
Өзбек, бауырым!
Өз қанымсың,
Туысқанымсың,
Мәрт досымсың,
Меһірбанымсың!
Ақ тақырға алтын өсірген,
Ғажап зәргарымсың,
Тауларды қолыңмен көшірген
Алып палуанымсың.
Өзбек, досым!
Мен саған келдім.
Қазақ елінен келдім.
Орманымның жапырағынан бай,
Жерімнің топырағынан бай,
Күнімдей жарық,
Жазымдай жайдары
Халқымның сәлемін әкелдім!
Өзбек, досым!
Mен саған келдім.
Қазақ жерінен келдім.
Биік тауларымдай
Жүйрік дарияларымдай,
Терең теңізімдей,
Кең аспанымдай,
Халқымның сәлемін әкелдім!
Қабыл ал, досым,
Қабыл ал бәрін:
Қазағымның дауылдай сәлемін ал.
Найза ойнатқан,
Жауға шапқан,
Қара жерді дүбірімен қалтыратқан,
Домбырада күркірер күй қып тартқан
Жігітімнің өнерін ал.
Қыздарының
От болып жанған
Жас болып тамған,
Сүйген жарларына ғашықтығын айтқан
Өлеңін ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзбекке өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Өзбекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзбекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзбекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері