Пионер күзетте

Бұл бетте «Пионер күзетте» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2110
Толқиды егін,
Шалқиды егін,
Көк жиекте –
Жиекте.
Аспан көгі
Тұр күзетте,
Пионермен
Бір отрядта,
Бір күзетте –
Күзетте.
Ұры-қары
Ары жоқтар
Еңбек етпей
Нан жемекші
Жаладан,
Көріп соны –
Жегілерді
«Аттан!» салып,
Сүре қудық
Еккен егіс –
Даладан.
Біз күзетте,
Ұры бетте
Тұрмыз тынбай,
Алдаушыға
Алданбай.
Бір бүйірде
Пысқырады:
Біз қамаған
Қамаудағы
Қамалған бай,
Қорқау бай.
Алданбаймыз,
Арбалмаймыз,
Түн бойында
Күзеттеміз,
Кірпік қақпай,
Бір қақпай.
Құлақ түріп,
Дыбыс біліп
Аңдудамыз,
Егістеміз,
Дамыл таппай,
Бір жатпай.
Әне қара!
Түнге орана,
Қараң етті,
Арғы жақта,
Бір адам.
Тартпақ шығар
Суық қолмен
Колхозымның
Қырманынан.
Дайын наннан –
Тегін нан.
Ұмтылса да,
Ұмсынса да,
Бір бас бидай
Бір түйір нан
Бермейміз.
Жоғалтуды:
Түйір дәнді,
Колхоз нанын
Алдыруды –
Шалдыруды
Білмейміз.
Кулак қудың
Қылжаңдауы,
Қорқытуы,
Үркітуі
Қалған енді,
Адыра!
Бетті ауылға
Тура бұра,
Ән шырқата,
Дабыл ұра,
Ағыл отряд,
Ағыла!
Толқиды егін,
ІІІалқиды егін
Көк жиекте –
Жиекте
Аспан көгі
Тұр күзетте,
Пионермен
Бір отрядта
Бір күзетте –
Күзетте!

1933


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пионер күзетте өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Пионер күзетте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пионер күзетте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пионер күзетте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері