Күн батарда – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Күн батарда» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2900
Күнде көрем жарық күнді,
Батарын баққан емеспін...
Бүгін көргім кеп
Әдейі шықтым қияға,
Күн еңкейді ұяға.
Қадалып тұрмын көз алмай.
Бұл не?
Күн бе кәдімгі!?
Жоқ, әлде қызыл қыран ба?
Жиектегі ақ бұлттарды
Қудың қызыл қанындай
Бояды да жалынға,
Жайғандай болды қанатын,
Күрең тартты ақ гүл де
Жамылғандай жалғанда жоқ бір перде...
Сәл ырғалып басын төмен иді де
− Күтем, - деді - шығуыңды, - күбірлеп.
Мен ішімнен қайталадым гүл сөзін.
Алда қашан өмірім бар?
Оны болжар шамам жоқ.
Қызыл шапақ қос канатым жайылып,
Жерді бояп нұрыммен,
Күндей батсам болғаны.
Ойламас сонда ақ гүлдер.
Мені де мәңгі өлді, - деп.

1945
*∙*∙*
Келші, сәулем!
Бір болайық.
Егіз гүлдей
Ырғалайық,
Қос жұлдыздай
Бір жанайық.
Бірге ұшайық,
Қанат жайып...
Өтсін жылдар
Өтсін - өтсін.
Бір қартаяр
Мезгіл жетсін,
Тек жүректен
От кетпесін,
Махаббатты
Кемітпесін.

1945


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн батарда өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Күн батарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн батарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн батарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері