Жұлдыз-қыз – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жұлдыз-қыз» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 5073
Аңыз

I
Ерте кезде, тіпті ертеде...
Бір қыз бопты Шолпан атты.
Ақ жібектен қос қанаты,
Таң алдында ұшады екен,
Бар гүлдерді құшады екен.
Жапырақтарға тіл үйретіп,
Бұлбұлдарға жыр үйретіп
Болған соң,
Барады екен бір көлге
Алтын шашын таратып
Түседі екен Мөлдірге,
Жас денесін бұрын жетіп сүюге
Жел мен толқын жарысып,
Жүгіреді екен сұлуға.

II
Сол Шолпан қыз шыққан судан
Киді ақ көйлек торғын будан;
Алтын шашын күлімдеп тұрып тарады,
Айналаға әндете бір қарады.
Кенеттен сұлу селк етті
Аңдыған патша түн ұзақ:
Алтын тәжі басында,
Қырық, жігіті қасында
Орманнан шыға ат қойды.
Шолпан қызды қапыда ұстап алмақшы,
Қапасқа құсай салмақшы.
Өзі ғана құмартқанда сүймекші!
Көлге, желге, бұлбұл, гүлге,
Жасыл орман, туған жерге.
Қош айтысты Шолпан қыз.
Ұшты көкке: бола қалды бір жұлдыз.

III
Аспанда бар көп жұлдыз,
Ең жарығы Шолпан қыз.
Көкті жарып таң алдында шығады
Сағынып жерге үңіліп,
Бетінде күлкі жүгіріп,
Кірпік қақпай қарайды.
Оянып орман ұйқыдан,
Тіл қатады жапырақтары:
«Шолпан, біздің Шолпан!» деп,
Үн қосады бұлбұл кеп;
Жүгіреді көл бетінде толқын, жел,
Теңселеді теңіздер.
− Ей, Шолпан қыз!
Болма жұлдыз!
Жазаладық патшаны біз
Қорықпа, сұлу, бізге кел!

1946


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз-қыз өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз-қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз-қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз-қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері