Президентпен әңгіме – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Президентпен әңгіме» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1417
Ойланам, ойыма өзім қуанамын
Ұққанға уақыт пенен өмір заңын.
Егессе жүз Трумэн жеңе алмайды
Советтің мен секілді бір адамын.
Ол үшін келтірмей-ақ көп дәлелді,
Алалық өткен соңғы үш-төрт жылды,
Бетпе-бет оқиғалар кездестірді
Мені мен америкалық Трумэнді.
Зәрредей бүккенім жоқ көңілімде
(Емеспін қулық еткен өмірімде!)
Болған соң жарқын жанды айтып салдым
Ертеңгі өзім жазар жыр жөнінде.
Дедім мен:- алда жақын асыл күндер,
Туады тағы бізден жақсы өлеңдер.
Жырлаймыз ер халықтың бостандығын,
Жатырмыз әзірленіп соған бүгін.
Трумэн қарқылдап бір күлді дағы,
Тесіле қарап маған тұрды дағы; -
Жоқ,! - деді, ондай жырлар жазылмайды,
Біз бармыз жаздырмайтын! - деді тағы.
Қадалдым мен де қатал президентке
Әңгіме созылмады онша көпке.
Көреміз дедім оған кім күлгенін
Кездессек сізбенен біз келешекте...
Үш-төрт жыл өтті міне содан бері
Қозғалық сонда үзілген әңгімені!
Қанекей, күліңізші, көрейін мен
Басылмай кеудеңіздің тұрса желі!

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Президентпен әңгіме өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Президентпен әңгіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Президентпен әңгіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Президентпен әңгіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері