Бесік сату
Бұл бетте «Бесік сату» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Немереге аталып кәдесімен
Бесік келді нағашы әжесінен.
Шілдехана тойын бір
Тойлайықшы,
Жүретіндей
Шығармай ел есінен...
Үйдің жақсы болуы – ағашынан.
Бесік жақсы болуы – нағашыдан.
Бұл бесікті көрейік
Саудаға сап,
Бағамдай бер сапасын
Бағасынан.
Бөпешімнің бесігі – теңге болар,
Бесік сату құқығы – менде болар.
Өткізейін,
Мақтауын келістіре,
Несібемді көбейтіп елден алар...
Бөпешімнің бесігі – күміс деймін,
Пұл шығарып.
Алғаның дұрыс деймін.
Періштелер «әумин!» деп
Қолдап тұрса,
Үйіңізге кірер құт, ырыс деймін.
Бөпешімнің бесігі – алтын деймін,
Бұны алғанның
Жүзі де жарқын деймін,
Ежелден-ақ,
Ел-жұртым құрмет тұтқан,
Ұлтымыздың
Бұл дәстүр-салтын деймін.
Бөпешімнің бесігі – жақұт деймін,
Бағы жанар
Алғанның сатып деймін.
Кеудесіне құйылып шұғыла-нұр,
Таңы күлер алдынан атып деймін.
Бөпешімнің бесігі – лағыл деймін,
Алған жанның
Тілегі қабыл деймін.
Сәби деген – періште,
Періште оймен
Тазарып бір
Күнәдан арыл деймін.
Бөпешімнің бесігі – маржан деймін,
Маржан әсте болмайды арзан деймін.
Ұлтымыздың ғұрпына үлес қосар,
Бұл саудаға қатысқан әр жан деймін.
БЕСІК АЛЫҢДАР!!!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі