Құралай қайғысы

Бұл бетте «Құралай қайғысы» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1439
Берен дүзде бөртіп жусаң қынажай,
Жеткен мәуірт көктем жерге шыдамай.
Бесқонақтың ықтап жаңбыр, қарына
Тұрды жалғыз жас босанған құралай.
Жаратпай-ақ жауыз етіп Жасаған,
Жан біткенге неге осы қас адам?
Киік отын күйсеп турған Ананы
Атып қалды бір қансүрек есалаң.
Дәл тимеді атылған оқ. Садаға!
Көзді шарпып, кетті лағып далаға.
Тұра қашты құла дүзге құралай,
Жолатпайын деп дажалды балаға.
Беті ауған жақ — меңіреу, мылқау маң дала.
Безіп берді, түкті көрмей қаңғалап.
Кете берді; естіледі тек қана
Бишараның даусы ғана маңыраған.
Маңырай-маңырай қу далада маңып жүр.
Бір жүгіріп, бір жығылып лағып жүр.
Тебіндеген теңбіл көктің үстінде
Қос емшектің ақ уызы тамып жүр.
Жиі-жиі сүрінеді көз көрмей,
Жүгіретін қауқары жоқ өзге елдей.
Кең танауын керіп желге тосады,
Жалғыз жатқан лақтың исін сезгендей.
Қаңғи берді сүріне де қабына,
Жеткісі кеп жетім қалған лағына.
Бейуақ бір сәт шалып қалды қулағы
Сәби даусын жатқан жақын маңырап.
Тапты ақыры. Басты мауық, наласын;
Иіскеді-ай құшырлана баласын.
Соқыр сорлы мекіреніп лағына
Тоса берді дертіп келген мамасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құралай қайғысы өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шаңғытбаев — осы өлеңнің авторы.

Құралай қайғысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құралай қайғысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Шаңғытбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құралай қайғысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері