Еділ

Бұл бетте «Еділ» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 2099
(Жауынгер монологы)

Мен туып-өскен едім жағаңда, Еділ,
Асылым, ақ бесігім, анам да Еділ.
Япырмау, сүйсе де жұрт туған жерін,
Тең түсер мекен бар ма саған да, Еділ!
Жуды ғой кіндігімнің қанын суың,
Пейіштей панам болды жасыл нуың.
Көк меруерт көбігіңе бетім жуып,
Тыңдаушы ем толқыныңнан дүние шуын.
Таң атса шымқай шұғла көкке бойлап,
Күн қонса құба белге қалқып жайлап,
Желп еткен ерке самал лебін жұтып,
Мен өстім телі тайдай жағаңда ойнап.
Ұрланып арасында орманыңның,
Құшқанда қыл белінен жан-жарымның,
Көзінен айдыныңды көруші едім,
Үңіліп шырағына арманымның.
Жасымнан ертегіңді айттың тынбай,
Қаһарман ел ерлігін өстім тыңдай.
Телегей дәстүріңнен таптым дәрмен,
Мен де бір тентегің ем толқынындай.
Қайтейін, қандай ауыр қатал шындық!
Күн емес отыратын сені жыр ғып:
Жағаңда жортуылдап бүгін жау жүр.
Өрт пен оқ... құрбан құрбы... қандай сұмдық!
Мен сонда айрылам ба сенен, Анам?
Болмақ па жырың, сырың, күйің тамам?
Жетім боп, зар боп саған, өтсем өксіп,
Не қызық, не тіршілік онда маған?
Сенсіз мен жүрем шалқып қайсы арада?
Естілер сенің үнің қай салада?
Қай жерде тірі болып жүрмекшімін,
Айрылып сенен мақрұм, жайсаң Ана?
Жоқ, Еділ! Ет жүрегім бала жастан
Қатал-ақ қас душпанға қара тастан.
Кек емес кеудемдегі, – өшпенділік,
Қарашы жүрегімді жара басқан.
Жоқ, Еділ! Болмайды ойнақ жатқа жағаң.
Сүрен сап түсті, міне, отқа балаң
Алжаспан әділеттің ақжолынан
Антым сол сен үйреткен жаста маған.
Еділім, енем менің, өскен жерім,
Қаусатпай жау жасағын шешпен белім.
Қайыссам қасарысқан қан қасапта
Шіріген жумыртқаңмын. Кешпе мені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еділ өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шаңғытбаев — осы өлеңнің авторы.

Еділ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еділ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Шаңғытбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еділ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері