Сұрбойдақ сөзі – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Сұрбойдақ сөзі» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2735
Қырау тұрып, мұз қатып қалың мұртқа,
Шығып едім қыз таңдап қалыңдыққа.
Маған жаққан қыздарға өзім жақпай,
Күлкі болып оралдым тағы жұртқа.
Жастық шақтың білмеппін тез өтерін,
Күнде думан, той еді жүрген жерім.
Қыз жақтырмай қылжақтап жүргенімде,
Талай-талай кетіпті бұраң белім.
Қалыңдықсыз қашанғы жүремін мен?
Ентіктірген қорқамын жүрегімнен.
Қартаң тартқан қолыма бір қыз түссе
Айырылмас ем ұстатқан білегінен.
Жастық атты дәуренім,
Жарығындай сәуленің –
Жалт етіпті, өтіпті,
Іздеп соны әуремін.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрбойдақ сөзі өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Сұрбойдақ сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрбойдақ сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрбойдақ сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері