Лениннен Дәужанға хат

Бұл бетте «Лениннен Дәужанға хат» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1145
Тез шақырып алдырған
Кеше ғана қалаға –
Дәужан шапшаң оралды
Өзі туған далаға.
Келеді әне, келеді
Дәужан қайтып ауылға,
Күткен достар көп еді,
Кешкі ауылдың маңында.
Келеді әне, келеді
Жалғыз өркеш нардай боп.
Көңілдене күледі,
Қайтқан өзі қандай боп!
Бейнесінде баяғы
Белгісі жоқ мешелдің,
Басады алшақ аяғын
Батырыңдай осы елдің.
Бейнесінде баяғы
Белгісі жоқ мешелдің,
Басады еркін аяғын
Патшасындай осы елдің.
Топ алдында тұрды ол
Түрген жыртық балағын,
Еркін қарап күлді ол
Жалап қойып жалағын.
− Алдым жауап хатыма
Алыстағы Лениннен, -
Жазып менің атыма –
Тапсырылсын делінген.
Оқып берді қалада
Келген хатты Лениннен.
Қағаздың бас жағында
«Жолдас Дәужан» делінген.
Ақыл бопты сасқанда
Кеңескенім Ленинмен.
− Енді байдан жасқанба,
Ерік өзіңде! - делінген.
− Сепкеніңді орасың
Өзің туған жеріңнен,
Бөлесің де аласың
Өзін баққан төліңнен!
− Енді сені қорламас
Малым бар деп көрінген.
Еркін өмір сүр, жолдас,
Мызғымайтын сеніммен.
Айтып болдым бәріңе
Алған хатты Лениннен.
Жасың менен кәріңе
Достық, сәлем! - делінген.
Топ алдында тұрды ол
Түрген жыртық балағын,
Еркін қарап күлді ол
Жалап қойып жалағын.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лениннен Дәужанға хат өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Лениннен Дәужанға хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лениннен Дәужанға хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лениннен Дәужанға хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері