Кінәла мейлің

Бұл бетте «Кінәла мейлің» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1422
Кінәла мейлің,
уайымшылсың деп мені,
Кіналамаса болғаны —
адамдықтың өткелі.
Айналып жүрген жоқ,
күлкіден бұл басым,
Ауырлатады мінезді
өмірдің қасіреттері.
Кінәла мейлің,
неліктен сыртта жүрсің деп,
Тарылады тынысым
жүрегім соқса дүрсілдеп.
Кінә да көп, ағайын,
тағылатын әйелге,
Өкінбеймін,
жаралғаным үшін сыршыл боп
Кінәла мейлің,
майысса да сынбайтын берік деп,
Қасіретің емес,
қуанышқа ортақ серік көп.
Сыдыртып келем
шеңгелге қолды шиедей,
Қырмызы гүлдер-ай,
алмастан сені көріп тек.
Кінәла мейлің,
жарқын мінез, ашық деп,
Менсіз де бұл өмірде
көбелек сынды ғашық көп.
Тығылады құшаққа
сан армандар тасып кеп.
Кінәла мейлің,
өлеңі өртең, өзі салқын деп,
Жанарыңды алдайтын
жалған күлкі, жарқыл көп.
Кещелерге дана да
көрінеді кеще боп,
Жақсы менен жаманның
айырмайтын парқын көп.
Кінала мейлің,
өлең үшін отқа да жанамын,
Көлгірсі мейлің,
кезеулі тұрып садағың.
Мен тегінде
тауға да тосар арқасын,
Баласы үшін
бәйек боп өтер анамын.
* * *
Сен отырсың жаныма ләззат құйып,
Мен отырмын өніңе балқып ұйып.
Өзіңді мейір қанып жатпай сүйіп,
Өлеңім, өзегіме болма күйік.
Жаным, жарым, жақыным, жанашырым,
Алда талай асатын бар асуым.
Тілемеймін қысқа жол арманыңа,
Күн батар–ау, сен батпа, қарашығым.
Күн батар–ау, сен батпа, қарашығым,
Қарашы өзіңмен жан жарасуын.
Жер басып жүрер болсам егер де мен,
Сыйлармын саған жанның бар асылын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кінәла мейлің өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Кінәла мейлің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кінәла мейлің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кінәла мейлің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері