Өткелдер – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өткелдер» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1595
Қарт тоғай, Сарытоғай, күңіренген,
Өзен жатыр бауырында жүгіре емген.
Сап түзеп тұрған сарбаз сияқтанған,
Құдіретіңнің алдында жүгінем мен.
Мін бар ма табиғаттың жұмысына,
Күн кірпігін садақ қып түр ұсына.
Шындардың балақтары тілім-тілім,
Батырдың туратылған қылышына.
Әр ағаш әр дәуірдің өткеліндей,
Жолаушы оның сырын өтпе білмей.
Мынау жатқан шың жартас құмы үгіліп,
Бейне көне шежіре беттеріндей.
Құм жота созылған мол алып қорған,
Ғасырлар куәсі ме қалып қойған.
Айқасып жатқан ағаш өрбір батыр,
Қанды қылыш сонау бір жорықтардан.
Адырлар жатқан мынау тізбек-тізбек,
Көшіндей бабалардың өткен жүздеп.
Сыңсыған Сарытоғай арасынан,
Тамып кеткен көз жасын келем іздеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткелдер өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Өткелдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткелдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткелдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері