Майға бөккен маңғаз – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Майға бөккен маңғаз» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3321
Жүрекке бүйрек бір күн мақтаныпты,
Қалдырмай ойдағысын ақтарыпты:
— Сен мені жүрсің, достым, жақсы ұғынбай,
Көрдің бе жамылғым май, жастығым май.
Жазы - қыс жаным тыныш, майға оранып,
Жатырмын бар байлықтың бастығыңдай.
Атақты "бітеу " біткен атым бүйрек,
"Жатпаған майға оранып күнім сирек,
Жұмсауға керегіне алса біреу,
Алады шарбы майдан әрең сүйреп! —
Дегенде жүрек тұрды шамырқанып,
Бүйректің бұл сөзіне таңырқанып:
— Құр сыртың жылтыраған, байғұс бүйрек,
Қолы емес, пышағының ұшы түйреп
Ұсынып отыратын балаларға,
Емес пе ең, мақтанасың бүгін бүй деп.
Мен болсам майды оранып, жастанбай-ақ,
Аралап қан - тамырды бастан-аяқ,
Қолқадан кіріп, жұлын, миды шолып,
Біреуін қалтарысқа тастамай-ақ,
Жүретін тіршіліктің тірегімін,
Сондықтан жұрттың сүйер жүрегімін,
Қол үзген бар өмірден майға оранып,
Сыртыңнан аяп сені жүр едім мен! —
Деген сөз айтылса да жайлап қана,
Бүйрекке майға оранған арнап дара,
Жылы орын, жайлы төсек иелері,
Сендер де жүрек сөзін ойлап қара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майға бөккен маңғаз өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Майға бөккен маңғаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майға бөккен маңғаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майға бөккен маңғаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері