Мылжыңның бет-аузы

Бұл бетте «Мылжыңның бет-аузы» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2492
— Сіз колхоздың кімі боласыз?
— Бастығының бірі боламыз!
— Егіске қалайсыз?
— Несін сұрайсыз?
— Дайындығыңыз қандай?
— Дайындығымыз сондай:
Лап десе тап бергелі тұрмыз,
Соқаға шап бергелі тұрмыз,
Көлікті жиыстырып жатырмыз.
Бағуға ұйыстырып жатырмыз.
Тұқымды жиғалы жатырмыз.
Сақтық қор құйғалы жатырмыз.
Арықты қазғалы жатырмыз.
Рапортты жазғалы жатырмыз.
Ремонтты бастағалы отырмыз.
Жарамсыз тастағалы отырмыз.
— Тоқта жолдас, тоқта,
Басқа айтарың жоқ па ?
— Басқа және тағы...
Мәселе бүйірінен қойылды.
Ұрлық түбінен жойылды.
Көлікті мінбе деп жатырмыз,
Пішенді сүрле деп жатырмыз.
Тек күніңіз жылт етсе болғаны,
Көктеміңіз қылт етсе болғаны,
Тұқымды жинап шашамыз да қоямыз.
Маланы сыпыртып басамыз да қоямыз.
Арықты қазамыз да қоямыз,
"Жүз процент " жазамыз да қоямыз.
Жұрт болып жұмылғалы отырмыз, —
Әй, іске бір ұсынғалы отырмыз.
Сондай - сондай өзгерістеріміз бар,
Ілгері басарлық, өзге де істеріміз бар.
Енді қашан ?
Қашан істейміз?
Қашан дейсіз бе ?
Аттап түспейміз,
Істеп жіберсек бітті,
Қиындығы жоқ тіпті.
Солай ма ?
— Солай!
— Не дерсің тоба - ай...
Білесің бе, кімсің сен өзің?
Бастықпын... көріп тұр ғой көзің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мылжыңның бет-аузы өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Мылжыңның бет-аузы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мылжыңның бет-аузы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мылжыңның бет-аузы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері