Алтын сағат пен шойын сағат – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Алтын сағат пен шойын сағат» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5608
Құлатай алтын сағатын,
Көрсетіп көпке тағатын.
Жұматай шойын сағатын,
Қалтасына тығатын.
Құлатай бұрып мойынын:
(Кім білген шын - ойынын)
"Жүріп тұр ма ? — деп күлді
Қалтаңда шойының?"
Қысылған жоқ Жұматай,
Жауабын тез-ақ қайырды.
— Ақылың болса Құлатай,
Болғаның жөн пайымды.
Әңгіме, емес шойында,
Яки алтын сағатта.
Басқа тұр сенің ойыңда...
Әңгіме еңбек, талапта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері