Маймұрынға майшелпек – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Маймұрынға майшелпек» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1693
Тоғышар, топас Маймұрын,
Жатып алып бір қырын,
Газет оқи қалады,
Абыржып айқай салады:
— Қатын жолдас, қайдасың
Оқудың қара пайдасын!
Баратын болыппыз, білдің бе
— Қайда ?
— Коммунизмге!
— Онда барсақ, не болмақ?
— Түсінбейсің, ақымақ!
Мен айтайын, сен тыңда,
Онда:
Оң жағыңда үш жастық,
Сол жағыңда құс жастық,
"Жұмысқа шық " дейтұғын
Болмайды екен түк бастық.
Аузыңа әкеп құяды,
Көзді жұм да жұта бер,
Қанша ішіңе сыяды?
— Оның бәрін алатын,
Жұртпен бірдей болатын,
Пулың қайда, Мәйеке - ау,
Соны айтсайшы, бәйеке - ау?
— Ой, ақымақ, білмейсің,
Онда бүйтіп жүрмейсің,
Бәрі тегін келеді,
Машиналар адамша
Егінді өзі егеді,
Тау-тау қылып жияды,
Қамбаларға құяды.
Үстіңе шаң қонбайды,
Тойып ал да, жата бер,
Тамашаға бата бер! —
Деп Мәйекең лепірді,
Өз-өзінен молшылық,
Болып жатқан секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маймұрынға майшелпек өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Маймұрынға майшелпек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маймұрынға майшелпек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маймұрынға майшелпек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері