«Қу мұрт» – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте ««Қу мұрт»» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1678
Жүзі шырайлы,
Сөзі райлы,
Председатель Жұмайды,
"Қу мұрт" Жұмай деп,
Жұрттың бәрі сынайды.
Неге олай сынайды?
Неге өйтіп атайды?
Неге жұрт Жұмайға
Осынша қатайды ?
Мүмкін, менен оқушы
Мұны да сұрайды.
Өйткені оның алдымен,
Ақырын жайпап мұрты күледі,
Іле-шала ұрты күледі.
Осындай сырын оның,
Колхоздағы жұрты біледі.
Мұрты күлсе алдап тұрғаны,
Ұрты күлсе қарғап тұрғаны.
Көзімен қосыла желбезегі күлсе,
"Қайтсем екен?" деп арбап тұрғаны.
Сонан барып "қу мұрт" атанды.
Қулығы мен сұмдығына,
Осындай бір қорытынды жасалды.
Сондықтан да Жұмай атын тастап,
Бізде бүгіннен бастап,
"Қу мұрт " деп атадық.
Жүріп кеткен ізіне
Барлау да жасадық:
Бір із жортып жайлауға кетіпті,
Мұрты мен ұртын майлауға кетіпті.
Қымызға тойып,
Бағланды сойып,
Күн-түн карта ойнауға кетіпті.
Бір із жортып сиырға тартыпты,
Бір із болмайтын жиынға тартыпты.
Жұмыстың арты салдыр-салақ боп,
Қыс түскенде қиынға тартыпты.
"Арық - тұрақ" көптеп өліпті,
Оның айтуынша ептеп өліпті...
Анығында жетіспеген жем,
Тасылмаған шөптен өліпті.
Аудандық басшылар тексере келіп,
Іскерлігін ескере келіп,
Тек қана "ескертумен " дамылдады.
Өйткені біріне күйеу боп шықты,
Енді біріне қуда боп қалды,
Күйеудің аяғы сүйеуі боп шықты,
Қу мұрт " "күнәдан " жұда боп қалды.
"Қателесіпті, мойындады,
Анығында, мойынына да қойылмады
Көп айтылған ескертпелер,
Онан әрі баруға бой ұрмады.
"Қу мұрт " қулығын асырды,
Төгілді - шашылды:
"Газет дабылын қабылдадық,
Барлық шындық ашылды", —
Деген жауап қайтарылды,
Сонымен дабыл жым-жырт
Ұрты мен мұрты қосыла бүлкілдеп,
Орнында отыр баяғы "Қу мұрт".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Қу мұрт» өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

«Қу мұрт» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Қу мұрт» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Қу мұрт» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері