Бұл бетте «Қар жүрек» атты Бақытгүл Қалдарбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
Баянның Қозысы жүрегін жаулаған,
Ләйлінің Мәжнүнінде сезімі лаулаған.
Қызжібектің Төлегені де жай қалмаған,
Бізде ғана ма Махаббат болмаған?
Махаббат найзағайдай болушы ма еді?
Маңдайға дәл осылай бақ қонушы ма еді?
Жүрекке әмір жүрмес дейтұғын
Ондай күнде бізге төнуші ма еды?
Жүректі жаулар табылар ма батырым?
Боласың сен деп айтар менің қатыным!
Тасты да ерітер ағыс табылар,
Досыңнан да боламын ғой жақының.
Дейін десем не кұдыреті бар екен?
Мына жүректе ерімейтін қар екен.
Елдің бәрі айтып жүрген кейіпкер
Өмірімнен басты роль алар ма екен?
Айтамыз ау барлығын тізбектеп,
Тағдыр жолында жүрміз ау шындық іздеп.
Құр қауырсын кеудеде иман болмаса,
Бекер болар соғысы жүректің демек.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі