Барлаушы бақыты – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Барлаушы бақыты» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2072
Дірілдейсің Атырау,
Динамиттен емес аттырған.
Қара моншақ-жақұтыңнан,
Менің шексіз бақытымнан!
Күлімдейсің Атырау,
Көзге ұрып ару, жас тұлғаң,
Кемерден асқан тасқыннан.
Төзім көп менде,
Кезім жоқ,
Қиындықтан бас бұрған.
Жолдарды көрсең толассыз,
Ізіміз біздің жосылған.
Сан тарам болып айырылып,
Сан тарам болып қосылған.
Тербейді жанды кей-кейде,
Ән шығып асыл тасыңнан.
Талмаймыз қажып әсте біз,
Жатса да жүзді күн ыстап.
Үмітпен ғана тыныстап,
Түсінде ылғи жүретін,
Фонтанға жуып беттерін.
Қолдарына гүл ұстап,
Барлаушы деген батырмыз,
Төсіңді Ана-Атырау,
Дүбірге бөлеп жатырмыз.
***
Қазақстан,
Ғарышстан,
Дәністан,
Сенің дауысың естіледі алыстан.
Қол соқтырып достарыңды көмбеге,
Жеке-дара келіп жүрсің жарыстан.
Өзің жайлы жырым бөлек
Отаным,
Өн бойыңда жөңкіледі от ағын.
Байқоңыр боп тарихқа жазылды,
Жиырмасыншы ғасырдағы атауың.
Қазақстан,
Ырыстан,
Жырыстан,
Қалған аман талай апат ұрыстан.
Күшін берген әділеттің жолында,
Мүсінделген суарылған құрыштан.
Кең кеудеңде шешек атты қанша арман,
Бәрін сыр ғып,
Бәрін жыр ғып тауыса алман.
Қажымұқансың Токиода белдескен,
Әміресің Парижде ән салған.
Қазақстан,
Думанды елім,
Өр елім,
Ондаған ел сиятындай көлемің.
Сосын сені мұнаралар мекені,
Шырайстан,
Мұнайстан,
Дер едім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлаушы бақыты өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Барлаушы бақыты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барлаушы бақыты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барлаушы бақыты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері