Өткерсем де қаншама сұрапылды – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өткерсем де қаншама сұрапылды» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Өткерсем де қаншама сұрапылды,
Ұмытпаспын сондағы, сірә, түнді.
Қылығыңмен, уыздай шырыныңмен,
Қайта әкелдің өмірге бір ақынды.
Жайлауында жүргенде ұйқы елінің,
Жүрегіме тұмсығын сүйкеді мұң.
Құшағында өзіңнің жатқан шақта
Дүр сілкініп оянды жүйке, жұлын.
Жеткізбеген өмірі жетем десем,
Күннен ғана бөлінген шекер де – сен.
Адамзатқа жар салсам сенер ме екен,
Сенсіз өткен өмірді бекер десем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері