Қаһарман ғалым – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Қаһарман ғалым» атты Дихан Әбілев жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2374
Шапық Шөкинге

Қаһарман ғалым Шапықжан,
Маған — іні, елге — аға.
Құттықтап саулық тілейді,
Құрметті ел-жұрт, кең дала!
Қаныштай ұлы ғалыммен
Қанаттас болған жылдарың
Тереңін теріп ғылымның,
Тебірентті небір сырларын.
«Қараңғы казак көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?» —
Деп өткен Сұлтанмахмұттың
Арманы мен болжамы —
Ғылымда айдай толғанын,
Қаһарман ғалым болғаның.
«Ғалымдардың ғалымы
Шапық», — деп ем мен бұрын;
Үздік еді дарының
Мақтаным болдың сен бүгін.
Ғылым ед бар құштарың...
Жасыңнан канат самғадың.
Энергетика болды құдіретті
Талғамдап, таңдап алғаның.
Сынның да талай ауырын,
Жалынын, өртін, дауылын
Өткергенде басыңнан,
Минутың жоқ жасыған,
Қажырлы ғалым бауырым.
Бағалай білген ғылымды,
Ғалымдағы дарынды,
Көреген де береген
Ақ ниет, әділ, алымды
Академик президент, —
Нұрсұлтанға рақмет!
Қаһарман ғалым Шапытым,
Өзің де енді тарихсың!
Алтын жұлдыз төсінде...
Жәрдемшің болсын жарық күн!
Әлемнің де мақтаны,
Ел үмітін ақтадың!
Аялап өмір ақ таңын,
Өзіңді аман сақтағын!
Жаса, Шапық, көп жаса!

1996 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаһарман ғалым өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Қаһарман ғалым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаһарман ғалым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаһарман ғалым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері