Ене сөзі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 8279
Келінжан, тілегін ал мына көптің,
Ойлама ақыл айтып тұр-ау деп тым.
Естілікпен ескергін,
Келген жерің —
Жақсысы бір ауылдың, бір әулеттің.
Қос өзен қосыла ма, қоса аға ма,
Қуаныш соның бәрі осы анаңа.
Шаттық боп келші, жаным, шаңыраққа,
Бақыт боп келші, жаным, босағама.
Мүмкін мұнда көп ғұмыр өткізбегің,
Өткізерсің күндердің көп тізбегін.
Жақсылығын асырып бір әулеттің,
Жетпей жатқан жерлерін жеткіз, келін
Адам бардың қадірін қашан білген,
Үлесіңді ала біл осы әр күннен.
Анаң берген сендегі қасиетке
Мейірім мен тәрбиемді қосармын мен.
Айтқан сөзді ақылды келін ұғар,
Өмір деген керуен,
Көбі — мұнар.
Жақсы әкенің атағы жақсы-ау,
бірақ,
Әр адамның өзінің өмірі бар.
Ата-анаң — саялы теректерің,
Болар әлі ұрпағың — бөбектерің.
Үлкеніңнен үлгі алып бұдан былай,
Өз көшіңді бастауың керек, келін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ене сөзі өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Ене сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ене сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ене сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері