Тұрарбек жиырмаға толғанда

Бұл бетте «Тұрарбек жиырмаға толғанда» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Бар үмітім өзіңде, асқар таудай Тұраржан!
Үміт деген, тегінде армандардан құралған.
Сенім негіз болмаса, үміт күту құр арман,
Бір атаның тұяғы – сендім саған, Тұраржан!
Қыздың жолы жіңішке, ұл жалғыз деп мұқалман,
қыздан гөрі қазаққа, білесің ғой, ұл арман,
Көптен қайыр болар ма, Құдай қолдап тұрмаса,
Бар үмітті ақтар деп, үрім-бұтақ артады,
саған сенім, Тұраржан!
Жігіт болған осы деп, құр шашылма, Тұраржан,
Болашағың - өмірің арай төгіп тұр алда.
Досың айтқан кеңесті сынап көрмей құп алма,
Кене ханның айтқанын, есіңде тұт, Тұраржан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрарбек жиырмаға толғанда өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Тұрарбек жиырмаға толғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрарбек жиырмаға толғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрарбек жиырмаға толғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері