Өзгеріс

Бұл бетте «Өзгеріс» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1379
Өзгеріпті япыр-ай,
Өмір деген,
Қоңыздар да өрмелеп,
Шықты әне, көрінбеген.
Келемін мекен іздеп,
Бұл дүниеден...
Өз орнымды таба алмай,
Өмірден мен.
Көнем желге,
Алысқа алып қашсын,
Көре алмастар,
Есі шығып, талып қалсын.
Айласы жоқ адамға,
Өмір сүру қиын екен,
Аңқаулықпен адам боп,
Жарытпаспын.
Тұрғам жоқ,
Шу жоқ жерде шулағым кеп,
Тұрғам жоқ,
Толқын жоқта тулағым кеп.
Кейбір қу күлген кезде...
Өкінемін,
Мен неге,
Айлакер боп тумадым деп.
Келеді кейде оны,
Қалқан қылғым,
Келеді,
Кейде оны талқан қылғым.
Есемді жібермеспін-десем,
Тағы,
Алдымнан шыға келер,
Аңқаулығым.
Жүргендеймін далада,
Лағып, бекер,
Кейбір көлшік,
Өзен боп ағып өтер.
Ортекелер он рет,
Алдыңды орап,
Түлкілер,
Қолдағыны қағып кетер.
Немересі едім мен,
Мұңлы Атаның,
Түнде отырып,
Құдайға тіл қатамын.
Сезім деген,
Бір алып құрылыс қой,
Сол құрылысты,
Қалай мен қиратамын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгеріс өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Өзгеріс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгеріс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгеріс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері