Құбылыс бар

Бұл бетте «Құбылыс бар» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1303
Елесіңмен, қоштасқанда өзіңмен,
Шығыс жақтан көгілдір нұр сөнбеген.
«Ұмытпаймын» дедің жалғыз сөзіңмен,
Бірақ өзім айтқаныңа сенбегем.
Берілетін өмір бар ма қосымша,
Бүгін-жақын, ертең-алыс, әрқалай.
Бұл дүниеде мен неліктен осынша,
Бір қателік жібергенмін байқамай.
Кейде өзім қайран қалам бірақ та,
Құбылыс бар өзгермейтін сол маңда.
Сол бір жерден ашылады кітап та,
Сол бір жерде тоқтағандай жылдар да.
Бар ғой мына сөздерде де терең мән,
Білмеймін тек қашан көзім жетерін.
Жүрек-тастан жаратылды деген жан,
Білген шығар оның оттан екенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құбылыс бар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Құбылыс бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құбылыс бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құбылыс бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері