Інілеріме

Бұл бетте «Інілеріме» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 961
Өмір жайлы тым кешірек ұғыппын,
Талқысына түсіп талай шынықтым.
Білсеңіздер, сіздер білген шығарсыз
Өз қатемді өзім білмей жүріппін!
Өз соқпағым айналғанша сүрлеуге,
Жақ ашпадым тәңірге
Жолға шықтым жалғыз деуге, бір деуге,
Атар таңды күттім үнсіз іргемнен.
Таң сібірлеп, себезгілеп шуағы,
Түнектерді еңсемді езген қуады.
Інілерім аман болса – бекзаттар,
Менің де Айым бір оңынан туады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Інілеріме өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Інілеріме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Інілеріме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Інілеріме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері