Қара қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қара қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3141
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Бір ауылда бір өсіп бала кезден,
Өзіңе деп гүл теріп, дала кезгем.
Өзегімді өрт шалып кетуші еді,
Қарағанда қиыла қара көзбен.

Қайырмасы:
Қара қыз, қара қыз,
Ақылды қыз, дана қыз.
Жақын тартып барады
Күннен-күнге арамыз.

Қара шашың қос бұрым өрілетін,
Өрілетін – тобыққа төгілетін.
Қара қыз деп жүрсе де жеңгелерің,
Жүзің маған айдай боп көрінетін.

Қайырмасы.

Қара деген қастерлі бір ұғым ғой,
Қарақаттай көздерің – тұнығым ғой.
Қараторғай секілді қарындасым,
Жүрегімді жандырған қылығың ғой.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қара қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері