Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір

Бұл бетте «Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір» атты Серік Тұрғынбеков жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір,
Қайда барып қайтпайды қайран көңіл?!
Жүрегімді жұлмалап жүр осы күн,
Кейде артық, кейде кем жайлар небір.
Қызығына баттым ба бақта бидің,
Сол үшін суға түсіп, отқа күйдім.
Қызуына бөленіп қызба кездің,
Қырындадым қызына жатқан үйдің.
Жігіт деген, шынында, қызба халық,
Қызынады алдымен мұздап алып...
Ерініне еріксіз жармастым ба,
Көшедегі көрінген қызға барып?!
Бір-ақ құшу, бір сүю арманым ба
Әлдекіммен оңаша қалғанымда?!
Толықсыған тотыдай талайларды
Көңіліммен, көзіммен арбадым ба?!
Өйткен болсам, шынында, айыптымын,
Көңіл – теңіз, жүрегім қайық бүгін.
Рас болса осыным, жарым менің
Жығылмай ма алдыма жайып бұрым?
Жылап тұрып, көз жасын көлдетпей ме,
Өсек деген өрекпіп жел кетпей ме.
Ыза деген арадай ызың қағып,
Тар кеудені тұрмай ма кернеп кейде.
Ойлар... ойлар... ой деген кетер емес,
Кейде тіпті тудырар бекер егес.
Көңіліме сенбеймін...
Көңіл деген...
Көңіл деген қай жаққа жетелемес...
Ойлар... ойлар... ой деген кетер емес,
Кейде тіпті тудырар бекер егес.
Көңіліме сенбеймін...
Көңіл деген...
Көңіл деген қай жаққа жетелемес...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Айтшы маған, әлде осы сайран ба өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері