Хабарсыз кеткеніме – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Хабарсыз кеткеніме» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1661
Хабарсыз кеткеніме,
Жүрмісің ұмытты деп.
Шығарсың өкпелі де,
Көңліңе бұлт түнеп.
Алдымда арым таза –
Жерім жоқ кінәлаған.
Жүрегім жалындаса –
Жан ба едің ұнамаған?
Табысып бірінші рет
Шаттықты шақтарыма,
Көздерің күлімсіреп,
Жыр туды ақтарыла.
Десем де жырақтайын,
Сан рет әуреленіп,
Санамда бірақ дәйім
Сен тұрдың сәулеленіп.
От тастап жүрегіме,
Жарасаң жандыруға,
Хақым жоқ бұл өмірде
Сені ұмыт қалдыруға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хабарсыз кеткеніме өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Хабарсыз кеткеніме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хабарсыз кеткеніме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хабарсыз кеткеніме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері