Абайдың ізімен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Абайдың ізімен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2570
Мен жазбаймын өлеңді түйілгеннен,
Уытты сөз шығады күйінгеннен.
Қыран бүркіт секілді қайқаң етіп,
Шарықтаймын шағымда күйім келген.
Мен жазбаймын өлеңді тасынғаннан,
Жан сырымды ақтарам ашынғаннан.
Өледі екен өлгендер өкініште,
Бойындағы ауруын жасырғаннан.
Мен жазбаймын өлеңді жетіскеннен,
Шымбайына батырам шекіскеннеп.
Туыс тұтып турашыл танымасты,
Ағайыннан әлжуаз кетіскем мен.
Мен жазбаймын өлеңді еріккеннен,
Ақын сөзі ақылға ерік берген.
Төзбейді ол қиянат, жалғандыққа,
Тек шындықпен өмірге көрік берген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайдың ізімен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Абайдың ізімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайдың ізімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайдың ізімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері