Сезім қауырсын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сезім қауырсын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Өкінемін, көп нәрсені жай ұғып,
Алған жоқпын ақ-қараны айырып.
Өзің үшін өскен сезім қанатын
Қабағыңмен тастамашы қайырып.
Сен болмасаң, кімді ойлап сүйер ем,
Жанған отқа өзім түсіп күйер ем.
Бәйтерегім, дауылы ұрып тағдырдың,
Қиналғанда саған келіп сүйенем.
Бәйтерегім, жапырағыңды жел өрген,
Көлеңкеңе көктем сайын келер ме ем?
Жан-дүниеңнің айна көлі тұп-тұнық –
Көздеріңнен көздерімді көрем мен.
Жете алам ба, жүрегіңе жол жүріп,
Жол үстінде қалам ба әлде болдырып!
Түні бойы сәулелермен ойнайсың,
Жұлдыздарды жапырағыңа қондырып..
Құштарлықтың жоқ екен ғой өлшемі,
Құштарлық қой көтеретін еңсені.
Жан-жүректің отыменен қыздырып,
Ерітер ем, тас болсаң да, мен сені...
Нені аңсайды ұшып-қонған, жыр көңіл,
Серпіп кейін жастық дәурен дүрмегін.
От-сезімнің күші болар тұтанған –
Мен өзіңді жек көре алмай жүргенім.
Сабағың тұр жұлдыздармен ай іліп,
Мықты болсаң, нәзіктіктің жайын ұқ.
Бұлбұл – сезім қауырсынды қанатын
Қабағыңмен тастамашы қайырып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім қауырсын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сезім қауырсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім қауырсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім қауырсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері