Өздерің

Бұл бетте «Өздерің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Ғайып бір таңдайын атқан
Пәк, сәби жанымды оятқан.
Кеудеме бұлбұл боп қонып,
Әсемдік алауын жаққан –
Өздерің әнім мен жырым.
Кіршіксіз жанымды аппақ
Сұлулық бағында баптап,
Тазалық, адалдық сыйлап,
Өшпейтін тұтатқан шақпақ –
Өздерің әнім мен жырым.
Өмірдің қиынында да,
Құбылғыш құйынында да,
Ақ жалын ұсынған маған
Ақ бозым – ылғиында да –
Өздерің әнім мен жырым.
Татымды тынған ісім де,
Бойымда қуат-күшім де,
Иықта ақ періштелерім,
Таяныш сүйенішім де –
Өздерін әнім мен жырым.
Өздерің табынарым да,
Іздерім, сағынарым да,
Жүгімді қалдырмас жолда
Өздерін қара нарым да,–
Өздерін әнім мен жырым.
Ертеңге жол ашарым деп,
Кейінгі болашағым деп,
Артымнан айғайлап шығар
Сендерсің жанашырым деп –
Көз жұмам әнім мен жырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өздерің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өздерің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өздерің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өздерің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері