Сауыншылар ауылында – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сауыншылар ауылында» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Қоныпты алқа қотан ауыл мұнда,
Дарқандық молшылық бір қауымында.
Ақжарқын адамдардың ажары бар
Шаруада, жүрген малдың сауынында.
Боз үйлер! Қалын шалғын! Мөлдір бұлақ
Қандырар құлақ құрышын таудан құлап,
Тізеден жағасында өскен жалбыз,
Кек жасыл тотияйын көкше құрақ.
Талдырып, тамылжытып, тоқсан бұрап,
Толқытып күй төге ме-ау бұлбұл жырақ.
Күржиіп, қорбаң басып қоңыр аю
Қоналқа келеді екен хал-жай сұрап.
Жүк тиеп жатқандай бір арбасына,
Шыға алмай жатыр ма арба жар басына,
Әупілін үдетеді әупілдек құс,
Соғылып үні Алтайдың жартасына.
Жеңгелер, келін, сіңлі жымындасқан,
Тыңдаймыз деседі ән, яки дастан.
Сөз тауып дейміз біздер «уақыт қайда
Босатпай жатырсыздар ауызды астан».
– Қайтеміз жиі келе бермейсіздер,
Сылтау ғып мойны қашық жер дейсіздер.
Бұзбайтын ел дәстүрін салтымыз бар,
Өткеріп қонақ кәде терлейсіздер.
– Ендеше Алты ауыз да болсын әзір,
– Ауылда барымыздың бәрі мәзір!
Жарасып, «сұрай-сұрай бөле шығып»,
Тірілтіп сөз атасын астарлы әзіл...
Шырқалып назды сұлу ән еркесі,
Алтайдан асып жатыр ән өркеші.
Сөз алып өнерпаздар кезектесіп,
Отырыс болып кетті енер кеші.
– Ал, ағалар, жол болсын,
Жолда азығың мол болсын,
Біздің тілек сол болсын,
Ден саулығын зор болсын,—
Деп қана майысады қарындасы,
«Жауапқа кәне, ағасы, табылмашы»,–
Дегендей Қара бала жаутаңдайды,
«Қалайда жігіттауы шағылмашы».
Гүр етті ол: әттең, қыздар, көздерің-ай,
Жымиған күлкің, майда сөздерін-ай.
Жалт етіп қарағаның, беу дариға-ай
Үзіліп өпкеніндей өзгенің-ай.
Осылай ауа жарып ән шын асқан,
Алты ауыз, қонақ кәде таңға ұласқан.
Ай қарап, аймақ тынып, тала тыңдап.
Қалыпты көлде тұнып торғын аспан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сауыншылар ауылында өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сауыншылар ауылында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сауыншылар ауылында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сауыншылар ауылында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері