Ей, өмір – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Ей, өмір» атты Гульнази Назарова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ей, өмір тоқтамайсың ағасың ба?
Не түспеді халқымның басына.
Бала жетім, ана жесір қалып жатыр,
Желтоқсан құрбандары аз болды ма?

Тәуелсіздік таңының қуандық атқанына.
30 жыл мерейтойын тойлап жатқанына.
Ерліктер марапатталып жатқан кезде,
Келді ғой нәубат басына халқымның тағы да.

Кім ойлады осылай болады деп,
Көріпкелде айта алмас дөп.
Қан төгіс, ұрлық –зорлық орын алып,
Содырлар тайраңдап төріме кеп.

Әттең-ай, азаматтар өмірін қиып, кетті бірге,
Еңіреп жылаған бала мен ананың обалы енді кімге?
Ерліктің туын жықпай Отан үшін.
Кетті ғой талай боздақ о, дүниеге.

Көк тудың желбірегені,
Қазағыма қуат береді.
Көгімде самғасын қыран құс,
«Жаса қазақ елі мәңгілік!!!»- дей бергім келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, өмір өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Ей, өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ей, өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар