Бибіжан – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бибіжан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2690
(Қуандыққа)
Бибіжан қыз Ақтөбеден
Жолға бірге жөнелген.
Содан атын сақтап келем,
Іздеймін тек өлеңнен.
Көлде бойлап, көкте жайнап,
Ойнады тау желімен.
Көкірегімде құстай сайрап,
Бірге жүрді менімен.
Көңілімде күйі қалып,
Көз алдымнан ұрланды.
Жалынына күйіп-жанып,
Жаза бердім жырларды.
Махаббаттың отын көріп,
Шақырғанмен дауыстап.
Кейде әдейі жақын келіп,
Кейде қашты-ау алыстап.
Көрмесем де жалын жүзін
Бейнелеймін теңеумен.
Түркіменнің ару қызын
Іздей берем өлеңнен.
Ондай қыздың жоқ болуы
Мүмкін емес өмірде.
Мүмкін маған тап болуы
Түркіменнің жерінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бибіжан өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бибіжан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бибіжан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бибіжан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері