Колхоз музейі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Колхоз музейі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2065
Тұр музей көлдей кең іші,
Қалада емес,
ауылда.
Тұтасқан колхоз жемісі —
Төртбұрышты қабырға.
Көз алдында бар қыстақ
Тіршілігі қызулы.
Қыз барады қолға ұстап,
Жұлдыздардай жүзімді.
Бау-бақшамен құлпырып,
Асқақтаған зор қала.
Кәрі шешей тұр күліп,
Соған қарап ортада.
Байыппенен бір-бірлеп,
Көрсең музей залдарын.
Сөйлегендей күмбірлеп,
Өткенің мен алдағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері