Кеттің-дағы ауылға

Бұл бетте «Кеттің-дағы ауылға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1328
Кеттің-дағы ауылға,
Қалғандаймын далада.
Жат секілді бауыр да,
Қатын менен бала да.
Жүремін тек алаңдай,
Алданыш жоқ еш маған.
Жоқ іздеген адамдай,
Үйге-дағы кеш барам.
Кеттің де сен жырақтап,
Орап алды мұң-қайғы.
Тиянақты тұрақтап,
Бір ісім де тынбайды.
Қиындыққа көнімді,
Төзіп бітті жүрегім.
Селт еткізбес сенімді
Сен екенсің тірегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеттің-дағы ауылға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кеттің-дағы ауылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеттің-дағы ауылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеттің-дағы ауылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері