Азамат ақын — ақ ниет – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Азамат ақын — ақ ниет» атты Дихан Әбілев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2370
Нұрлан Оразалинге

Нұрлы Нұрлан қарағым,
Аққу жанды адалым,
Жайлы жорға қаламын
Мүдіртпес болсын қадамың! —
Тілегі ақын ағаның.
Жайдарман жыр орманың—
Жарқын өткен жолдарын.
Елуге бүгін толғаның—
Есейген ер болғаның
Үстінде жыр жорғаның.
«Қара ғасыр» дастаның
Шындық сырын ашқаның
«Қилы заман»драмаң
Жаңа бір белес асқаның,
Бақытты болсын бастамаң!
Дұшпаның—аз, досың—көп,
Қызғану жоқ, күндеу жоқ.
Азамат ақын — ақ ниет,
Сыртың сырбаз, ішің от—
Жүрегіңді баспас тот.
Мәңгілік жоқ мансапта,
Мәңгілік көркем өрнекте.
Жан жырынды ардакта
Жан сырыңды түлет те
Нұр күніңді жүдетпе!!!
Мансап деген дүние
Көшпенді той әрбір кез.
Теңдесі жоқ жалғанда
Жыр меруерт—көркем сөз;
Жанартаудай түп мінез.
Жатымталсу маған жат, —
Баршаға мәлім ақиқат.
Сүтпен біткен жүрекке
Адал айту рахат;
Құдірет берген инабат.
Сырқаттанып жатырмын,
Бара алмаймын тойыңа.
Сұңқар, сүмбіл қалпыңмен
Шығанда, сілтен ой-қырға!
Егделікке ой бұрма!
Елу деген — қыран жас,
Тоқсанға менше кадам бас!
Тоқсанымнан «тәбәрік»
Ақ батам — адал ықылас!
Ақниет інім, қаламдас!

3 желтоқсан, 1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азамат ақын — ақ ниет өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Азамат ақын — ақ ниет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азамат ақын — ақ ниет өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Азамат ақын — ақ ниет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері