Қалдыбай Бектаев ғалымға – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Қалдыбай Бектаев ғалымға» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2780
Сонау түпсіз жылдарда
Топан суы қаптаған,
Қазығұрттың тауына
Нұқ кемесі тоқтаған,
Қасиетті аймақтан
Қадірлі жер жоқ маған.
Кіндік қаның тамған жер,
Сол Қазығұрт болғансын:
Адамшылық, от жігер
Бопты өмірлік жолдасын.
«Ғылым ед бар іңкәрің,
Әр қияға сермедің», —
Деп ұлы Абай айтқандай
Өрбіттің ғылым өрнегін.
Жеміссіз болған жылы жоқ,
Ғылымға сепкен дәніңнің,
Ақындардың жыры боп,
Алаулай түсті дарының.
Кеше майдан солдаты
Бүгін: ғалым,
Ардагер.
Әлдилер өмір жәннатын
Ғылым үшін, халық үшін,
Жасай бер, Қабдеш, жасай бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалдыбай Бектаев ғалымға өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Қалдыбай Бектаев ғалымға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалдыбай Бектаев ғалымға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалдыбай Бектаев ғалымға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері