Уақыттың естісіне мың алғыс! –
Дихан Әбілев
Бұл бетте «Уақыттың естісіне мың алғыс!» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жүсіпбек Аймауытовтың рухына
Атынды атай алмай
«Айбек»—дедік,
Нақақтан есіміңе
Айбат шегіп.
Жыл еді ол
Мылқау еткен көбімізді-ақ,
Тоналып қызыл тілден
Қайратты ерік.
Нажағай осып айдап
Бұлт түйдегін,
Тандырып есін
Сап-сау дүниенің, —
Қуысын қиратқанда
Әулиенің,
Көргеміз
Кемсеңдеген тау иегін.
Сайраудан қалып
Әнші бұлбұл біткен, —
Сағат сайын
Саяси «бұғау» күткен.
Қыранға
«Қыңыр ұштың»—деп жала сап
Ұланның жүрегіне
Қылыш сүрткен.
Жылдар-ай...
Күннің көзі қара түнек,
Жазықсыз жандар—тұтқын,
Жала—түлеп,
Гүл семіп,
Орман қирап,
Өзен солып,
Жылдар-ай...
Беріш болған бала
жүрек.
Сонда біз
Бүгінгідей сайрап па едік?
Атынды атай алмай
«Айбек!»—дедік.
Жыл еді ол
Мылқау еткен көбімізді-ақ,
Тоналып қызыл тілден
Қайратты ерік.
Уақыт ар-ұяты
Ірі екен ғой,
Әділет жұтылса да
Тірі екен ғой.
Өтсе де жарты ғасыр...
Уақыт құдірет
Жүректің жарылқағыш
Пірі екен ғой.
Қартқожаң, Ақбілегің,
Ән — Әмірең,
Азатшы, әділетші
Арлы әмірмен
Кірді кеп
Күннің қызыл қақпасынан
Жарлық ап
Жана уақыт, — жас тәңірден.
Эпилог
Өшкен отың
Жарты ғасыр ауғалы,
Қайта жанды.
Лаулады отың, заулады!
Төрлеңіз де тыңдаңызшы:
«Нұр күйің»
Саусақтардан
Сағынышпен саулады!
Уақыттың ессізіне — мың қарғыс,
Уақыттың естісіне — мың алғыс!
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі