Кеңшілік қаза болғанда – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Кеңшілік қаза болғанда» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1632
Атындай жаның да кең
Кеңшілігім,
Ағалап бұрынғындай
Келші, інім!
Қимасым, қайда кеттің?
Берші бір үн:
Матаған үзіп тастап жер сіңірін.
Өршілім,
Дарқан мінез, өжет тіптен,
Жоқ ем ғой
Үнсіздікті сенен күткен.
Сәттілеп
Сапарына әр жырыңның,
Жайраңдай берсем
Деуші ем ақ үмітпен.
Өлендерін,
Оқыған дауыстарын,
Күтіппін бе
Кілт үзіп тауыспағын.
Құйындатып,
Құйылтып
Сілтеуші еді-ау,
Бүгінгі мен
Ертеңнің қауышпағын.
Талабы
Тұстасынан асқақ еді,
Табаны
Таптау-шалшық баспас еді.
Биікті
Арман етіп алысқа ұшар,
Қыран жыр
Көтеріле бастап еді.
Кіндіктес
Бауырымдай, қандасымдай
Кең ішім,
Ылажым не нанбасыма?
Өзің жоқ,
От ойнатқан сөздеріңді,
Балаймын
Тірлігіңнің жалғасына!
Адалым,
Аңқылдағым, арсалаңым,
Кеңшілік!
Кеңшілік! — деп жар саламын.
Ақ жырың
Аңқылдаған жүйткуіңді
Сенемін
Келешектің қарсы аларын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңшілік қаза болғанда өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Кеңшілік қаза болғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңшілік қаза болғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңшілік қаза болғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері