Күндер қалды

Бұл бетте «Күндер қалды» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1158
Күндер қалды,
сағынышпен өткен көп.
Күндер қалды,
көздің жасын төккен көп.
Жаным кезіп, жаз бен қыстың арасын,
Мен тағдырды сүріп келем көктем боп...


Ұғынғанға ғұмыр шаттық,әрі сын.
Жаңбыр жаусын,
жанымды аяз қарысын.
Көктем болып үміт күттім ертеңнен,
Көк тәңірден сауға сұрап әр ісім.


Қарлы соқпақ кезіксе де алдымнан,
Болса да сәт, қадамымды шалдырған.
Қара күзге желегімді ұшырмай,
Көктем сүйген жүректі аман қалдырғам!


Содан бәлкім,
Өткен күнге өкпем жоқ.
Жаным жасыл, ал,аспаным көкпеңбек.
Далада күз, жауратса да тәнімді,
Міне, тағы
күлімдедім көктем боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндер қалды өлеңінің авторы кім?

Толқын Қабылша — осы өлеңнің авторы.

Күндер қалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндер қалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Толқын Қабылша өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндер қалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері