Өлең, жыр, ақындар

Туған еліме

  • 19.04.2015
  • 1
  • 6
  • 34939
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын,
Тек қалауым сіздерден:
«Серіктікті» милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Келді хатың мен шаршап
Отырғанда дамығып,
Хабарыңа бек аңсап
Сүзіліп көңілім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпайын не ғылып?
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.
Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырап.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қақырық.
«Кімсің?» - дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып.
Қуат бітті бір күшті
Жеңілерлік тағдыр жаңылып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күш вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлусіреп, әлсіреп,
Түтіні кейде шығады,
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.
Ал, қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау - тастар,
Быт-шыт болып сынады.



Пікірлер (6)

Ақнұр

Керемет жақсы рахмет

Anel Rakhimova

Бұл сайт өте керемет. Жамбыл атамыздың өлеңдерін де осы сайттан таптым. Өлеңдері толық берілген

Манапова Аселай

Кушты саит Маган комектесты рахмет

Каусар

Өте керемет сайт екен

Amandyk danagul

Маған жарысқа көмектесті грамота алдым

Amandyk danagul

Маған жарыста көмектесті грамота алдым

Пікір қалдырыңыз

....ға

  • 1
  • 1

Естимін серілігіңді сіздің сырттан,
Ынтасын замандастар сіз деп құртқан.
«Халың айтса, қате айтпайды» деген сөзбен,
Танысқалы жазамын естіп жұрттан,

Толық

Кедейлік

  • 2
  • 4

Кедейлік, сен жексұрын, түсін, суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың
Маған салса касыма келме жуық.

Толық

«Шоң» серіктігін ашарда

  • 1
  • 1

Мынау жол, Шоң баласы, адамдыққа!
Сіздерді бастамайды жамандыққа.
Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,
Пайда жоқ, құрып қалғыр надандықта!

Толық

Қарап көріңіз