Өзгеден ерек шын адам – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Өзгеден ерек шын адам» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2540
Ақиқат ерге ар қымбат
Андыздап өрген малдан да,
Ақ елім болар мінәжат
Аһ ұрып шығар жаннан да.
Жаутаң жоқ, көзде жалын бар,
Жанары күндей жайнаған.
Жарқырап туған жұлдызды
Жақсы деп айтпас қай надан?
Қасірет қумас қайғы жеп,
Қаралы күйден зар тартса.
Қаңқу етпес «менмін» деп,
Қан кешіп ауыр түн қатса.
Өтірік күлкі, жалған сөз
Өмірде сайқал жанға тән.
Өзгермес ойшыл бір мінез —
Өзгеден ерек шын адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгеден ерек шын адам өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Өзгеден ерек шын адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгеден ерек шын адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгеден ерек шын адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері